Білім

Ауа райына байланысты: Ертең қай өңірлерде оқушылар сабақты онлайн оқиды?

Ертең 27 ақпанда ауа температурасы -41 градусқа дейін төмендейді. Осы орайда қай өңірлерде оқушылар сабақты онлайн оқитындығын назарға ұсынамыз,– деп хабарлайды brifinq.kz

Қалалық Білім басқармасы мәліметі бойынша:

• Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері;

• Павлодар облысында бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары, сондай-ақ 1-2-курс студенттері;

• Семей қаласында бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждің l,ll курстың студенттері;

• Өскемен қаласында 1-2 ауысымдағы 0-11 сыныптар қашықтан оқытуға көшіріледі.

Айта кетейік, 27 ақпанда еліміздің кейбір өңірлерінде ауа температурасы -41 градусқа дейін төмендейді.