weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Қазақстан мен әлемдегі соңғы жаңалықтар | Brifing.kz RU search
20 ақпан, 2026 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ауғанстанда 500-ден астам музыкалық аспапты отқа жағылды

Ауғанстанда тәліптер жүздеген музыкалық аспапты өртеп жіберді. Парван провинциясында шамамен 500 зат жойылса, көршілес Лагман өңірінде тағы 100-ден астамы жойылған,– деп хабарлайды brifinq.kz 

Ауғанстанда 500-ден астам музыкалық аспапты отқа жағылды

Аспаптарды бір жыл бойы «әдеп полициясы» деп аталатын құрылым тәркілеп келген. Оларды қала мен оған жақын аудандардан жинап алып, кейін арнайы комиссияның шешімімен көпшілік алдында өртеген.

Жойылған заттардың қатарында гармони, табла, даф, томбак, сондай-ақ колонкалар мен басқа да аудио жабдықтар болған. Талибан өкілдері мұндай шараларды бұған дейін де өткізгенін және алдағы уақытта да жалғастыратынын мәлімдеді.

2021 жылы билікке қайта келгеннен кейін «Талибан» музыканы өздерінің ислам нормаларын түсіндіруімен үйлеспейді деп санап, тыйым салды. Осыған байланысты елде музыканы орындауға, тыңдауға және таратуға тыйым салынған, сондай-ақ музыкаға қатысты пәндер білім беру бағдарламаларынан алынып тасталған.