kurs.kz деректеріне сәйкес, сағат 11:15-тегі жағдай бойынша Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың ең жоғары сату бағамы 498 теңге болды. Алматыда да ең жоғары сату бағамы 498 теңгені құрады.
20 ақпанда Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам 1 доллар үшін 489,17 теңгені құрайды. Теңгенің долларға қатысты ресми бағамы келесі күнге Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша белгіленеді.