weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Қазақстан мен әлемдегі соңғы жаңалықтар | Brifing.kz RU search
15 ақпан, 2026 / Админ / Медицина
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нипах вирусы өршіп барады: Үндістанда тағы бір өлім тіркелді

Үндістанда Нипах вирусына байланысты екінші өлім жағдайы тіркелді. Науқасқа күтім жасаған медбике көз жұмды,- деп хабарлайды brifing.kz

Нипах вирусы өршіп барады: Үндістанда тағы бір өлім тіркелді

Дереккөз мәліметінше, 25 жастағы аурухана қызметкері қаңтар айында жұқтырған науқаспен байланыста болған кезде вирус жұқтырған. Жағдайы нашарлағаннан кейін ол бір айға жуық созылған комаға түсіп, ауыр халде болған.

Кейін Нипах вирусына тапсырылған тест нәтижесі теріс болғаны атап өтіледі, алайда науқаста ауыр өкпе инфекциясы дамыған. Әйел адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанымен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады — ол инфекциядан туындаған асқынулар салдарынан қайтыс болды. Ауру аясында оның иммунитеті күрт әлсіреп, жүрегі тоқтағаны хабарланды.

Нипах вирусы адамға жануарлардан, ең алдымен жарқанаттар мен шошқалардан жұғады. Инфекция тыныс алу жүйесін зақымдап, энцефалитке әкелуі мүмкін. Мамандардың бағалауынша, дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда өлім-жітім деңгейі 75%-ға дейін жетуі ықтимал.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→